ДАИШ мүшесі 20 террорист өлтірілді

ДАИШ-ке тиесілі 106 нысан танк, зеңбірек және басқа қарулармен жойылды.

653193
ДАИШ мүшесі 20 террорист өлтірілді

Сирияның солтүстігін террор ұйымдарынан тазалау үшін 24 тамыз күні Түркияның басшылығында басталған Евфрат қалқаны операциясы жалғасуда. Евфрат қалқаны операциясының 147-ші күнінде террор ұйымы ДАИШ мүшесі 20 террорист өлтірілді.

Түрік Қарулы Күштерінің мағлұматына қарағанда шекара қауіпсіздігін арттыру және коалиция күштеріне қолдау беру үшін Сирияның солтүстігіне бағытталған операция жалғасуда.

Операциясының 147-ші күнінде террор ұйымы ДАИШ-ке тиесілі 106 нысан танк, зеңбірек және басқа қарулармен жойылды.

Түрік әуе күштеріне қарасты ұшақтар да Әль-Бабтағы террор ұйымына тән 10 нысанға операция ұйымдастырды. Операцияда басқару штабы мен қару-жарақ қоймалары күйретілді.

 



Ұқсас жаңалықтар