Президент Ердоған Африкаға барады

Президент Режеп Тайып Ердоған Африка сапары аясында Танзания, Мозамбик және Мадагаскарға барады.

651971
Президент Ердоған Африкаға барады

Президент Режеп Тайып Ердоған Танзания, Мозамбик және Мадагаскарға тұңғыш рет сапар ұйымдастырады.

22-25 қаңтар күндері арасында жүзеге асатын сапардың негізгі күн тәртібі экономикалық ынтымақтастық және ТИКА-ның жобалары болады.

Ердоғанның Африка сапарында алғашқы аялдамасы Танзания болмақ.

Президент Ердоған өткен жылы Құрбан айтта құрбан шалуға уәкілдігін Дін істері басқармасы төрағасы профессор Мехмет Гөрмезге берген болатын.

Ердоғанның құрбаны Танзанияда шалынып, мұқтаждарға таратылғаны атап көрсетілген болатын.

Танзанияда сел апатынан зардап шеккендерге жәрдем жеткізген ТИКА Никити Нгазия мешітін жөндеуден өткізу және көз тексеруі мен катаракта операциялары жасау үшін қолдау берген болатын.

 Ердоған Танзания сапарының артынан Мозамбикке өтеді.

Президент Филипе Ньюсимен басқосатын Ердоған ТИКА-ның сол елдегі жобаларымен танысады.

ТИКА мұның алдында ауылшаруашылығы өнімдерінде тәртіп, өнімділікті арттыруды қалыптастыру мақсатты Мозамбик Өнеркәсіп және сауда министрлігі тарапынан құрылған Мозамбик Тары биржасына 4 көлік берген болатын.

Ердоғанның соңғы аялдамасы Мадагаскар болмақ.

Мадагаскар елбасы Эри Радзаунаримампианина 2015 жылы сәуір айында Стамбұлда ұйымдастырылған Біріккен Ұлттар Ұйымының (БҰҰ) Бүкіләлемдік гуманитарлық саммиті аясында Ердоғанмен оңаша кездескен болатын.



Ұқсас жаңалықтар