Диярбакырдағы опасыз шабуылда шәйіт саны артты

Шабуылда 4 полиция қызметкері шәйіт болды, 3 полиция жарақат алды.

652672
Диярбакырдағы опасыз шабуылда шәйіт саны артты

Диярбакырдың Сур ауданында Дижле Университеті корпусы маңындағы полиция тобына лаңкестік шабуыл жасалды.

Шабуылда 4 полиция қызметкері шәйіт болды, 3 полиция жарақат алды.

Жаралы полициялар Дижле Университеті Медицина Факультетінің ауруханасына жеткізілді.

Алғашқы мағлұматқа қарағанда Дижле Университеті құрылыс алаңы маңынан өтіп бара жатқан полиция көлігі нысанаға алынды.

ПКК-лық террористтер алдын ала жолға орналастырған қолдан жасалған бомбаны жарды.

Оқиға орнына барған Қалалық полиция бөлімшесі директоры Таджеттин Аслан, Дижле Университеті ректоры профессор Талип Гүл, Сур аудандық полиция директоры Асуман Караджык оқиға жайлы мағлұмат алды.

Диярбакыр губернаторлығы шабуылмен байланысты жасаған мәлімдемеде «Алғашқы мағлұматтарға қарағанда 3 полиция қызметкеріміз шәйіт болып, 3 полиция жарақат алды. Шәйіттерімізге Алланың рақымшылығын жанұясы мен ұлтымызға көңіл айтамыз» делінген болатын.

Мәлімдемеде террор шабуылының артынан ауқымды операция басталғаны да атап көрсетілді.



Ұқсас жаңалықтар