Президент Ердоған күн тәртібімен байланысты мәлімдеме жасады

Президент Режеп Тайып Ердоған түрік әскерінің Кипрден кері шегінбейтінін атап айтты.

650903
Президент Ердоған күн тәртібімен байланысты мәлімдеме жасады

Президент Режеп Тайып Ердоған Швейцарияның Женева қаласындағы Кипр келіссөздерінде Понти тарапы мен Грекияның басқаша ойлағанын атап, түрік әскерінің Кипрден шегінбейтінін мәлімдеді.

Кипрде шешім ізденісіне тоқталған Ердоған «Солтүстік Кипр Түрік Республикасы тығыз түрде шоғырланып, шынайылығын ортаға қоюда. дегенмен понти тарапы мен кепілдік берген ел ретінде Грекия басқа нәрселер күтеді» деді.

Аннан жоспарының күшінде емес екенін білдірген Ердоған «Қазір жаңа бір келіссөз үдерісі бар. Бірге төрт жүйесі яғни, 1 кезең Солтүстік Кипр Түрік Республикасы, 4 кезең Оңтүстік Кипр Понти әкімшілігі басшылық жасайды. Мұндай болуы мүмкін бе? Мұны алдында да сөйлескен едік. 1-ге 2 яғни 1 кезең Солтүстік Кипр Түрік Республикасы, 2 кезең Оңтүстік Кипр Понти әкімшілігі басшылық міндетін атқарады. Әділ болған осы. Яғни біз сол жерде әділ, қамдаушы бір бейбітшілік қалайтын болсақ жолы осы. ‘Бізден ешкім бұдан басқа нәрсе күтпесін’ деген едік. Мұны лауазымдыларға да жеткізген болатынбыз» деді.

Шетел валютасындағы спекуляциялық қозғалысты да бағалаған Ердоған шетел валютасы айырбастау бағамын осы аптаның ішінде қайтадан қолға алатындарын атап, «Осында қорқатын нәрсе жоқ. Дегенмен ұлтыма шақыруымды қайталағым келеді. ‘Ешкім қолында шетел валютасын ұстамасын. Оларды түрік лирасына айырбастаңыз’, егер түрік лирасына көшетін болсақ нарықтардың тынышталатынына сенемін» деді.



Ұқсас жаңалықтар