Президент Ердоған ауыл басшыларына үн қатты

Президент Ердоған ешкімнің PYD үшін «Бұлардың ПКК-ға қатысы жоқ» дейтін түрі қалмағанын атап айтты.

650031
Президент Ердоған ауыл басшыларына үн қатты

Президент Режеп Тайып Ердоған ешкімнің PYD террор ұйымы үшін «Бұлардың ПКК-ға қатысы жоқ» дейтін түрі қалмағанын атап айтты.

Президент Ердоған президенттік сарайда 34-ші Ауыл басшылары жиналысында айтқан сөзінде террор ұйымдарының тек қана қуыршақ екенін, негізгі күресті оларға қолдау берген күштермен жүргізу керектігін атап көрсетті.

Террор ұйымдарының сондай-ақ сегізаяқтың қолдары екенін, басқан қадамдарымен өздерін әшкерелегенін атап айтқан Ердоған «Мына бір шындықты да байқап тұрмыз, Егер қуыршақтарды сындырмайтын болсақ, арғы жағындағы күш күресінде жеңіске жете алмаймыз. Осы үшін бөлшектеуші террор ұйымын қимылсыз қалдыру үшін бар шараны қабылдадық» деді.

Кешегі күнге дейін ДАИШ шаңырағы астында қан төккендердің қазір PYD/YPG атымен ортаға шыққанын түсіндірген Ердоған Фетуллахшы террор ұйымының (ФЕТӨ) да Түркия мен түрік ұлтына кімнің дұшпандығы бар болса, барлық мүмкіншіліктерді оларға ұсынған жауыз, опасыз, сатқын бір ұйымға айналғанын атап айтты.

Президент Ердоған «Бұл ұйымның (ФЕТӨ) Түркияда жасалған төңкеріс әрекетіндегі рөліне тартыншақтықпен қарағандар Ресей Федерациясы өкілетті елшісіне жасалған қастандықтың артынан көнген шығар деп ойлаймын» деді.

Ердоған ешкімнің PYD үшін «Бұлардың ПКК-ға қатысы жоқ» дейтін түрі қалмағанын, өйткені тікелей НАТО-ның қолдау берген басылымдарда бұл байланыстың барлық дәлелдермен ортаға шыққанын еске салды.

Ешкімнің «Біздің алдынғы міндетіміз және мақсатымыз ДАИШ-пен күрес» делінетін бір жағдайдың қалмағанын атап айтқан Ердоған «Өйткені Түркияның Әл-Баб операциясы алдында ортаға қойылған ұстаным осындай бір дәлдік жоқ екенін көрсетті» деді.



Ұқсас жаңалықтар