Президент Ердоған террористтерге құшақ жайған елдерді сынға алды

Президент Режеп Тайып Ердоған 9-шы Өкілетті елшілер конференциясының ашылу рәсіміне қатысты.

647530
Президент Ердоған террористтерге құшақ жайған елдерді сынға алды

Президент Режеп Тайып Ердоған батыс әлемінің террористтерге алтын науада баспана құқы бергенін атап, «Фетуллахшы террор ұйымы мен бөлшектеуші террор ұйымы ПКК-лық террористтер кейбір елдерде ‘жәбірленуші’ деп қабылданады» деді.

Президент Режеп Тайып Ердоған 9-шы Өкілетті елшілер конференциясының ашылу рәсіміне қатысты.

ФЕТӨ-нің 15 шілде күнгі төңкеріс әрекетінің тарихта мемлекет пен ұлтқа жасалған, алғашқысы болмаса да ең қу және ең үлкен сатқындық екенін атап айтқан Ердоған төңкерісші ФЕТӨ мүшесі қолына қан жұққан қанішерлердің кейбір Еуроодақ елдерінде елдерде ‘жәбірленуші’ деп қарсы алынып, оларға берілген қолдауды сынға алды.

Президент «15 шілде іште қалай сатқындар мен отан сүйгіштерді ортаға шығарса, шетелде де жағдай бірдей болды. ФЕТӨ-ші және ПКК-лық террористтерге паналау құқын алтын науада ұсынады, кейбір елдер оларды ‘жәбірленуші’ деп қарсы алады. Жанын құтқару үшін бір ыдыс сорпа үшін есігіне келгендерді қуып жібергендер төңкерісшілерге есіктерін ашуда. Қара тізімде орын алған ФЕТӨ мүшелері, АҚШ-та бір университетке ректор болып тағайындай алады» деп сынға алды.

Шетелдегі Ислам дұшпандығы мен шетел дұшпандығын Түркияның күн тәртібіне алғанын атап көрсеткен Ердоған экономикалық және саяси мәселелерді шеше алмаған кейбір батыстық саясат қайраткерлерінің бұл тақырыпқа алаңдағанына назар аударды.

Ердоған «Еуропада азаматтарымыздың жұмыс орындарына, ғибадатханаларына шабуылдардың артқанын байқаймыз. Мұның аты отпен ойнау. Батыста артып отырған мәдени нәсілшілдік, бұл елдердегі мұсылман азсандылардың қауіпсіздігі тақырыбында уайымдарымызды маңызды мөлшерде арттырады. Барлық әлемде бейбітшілік пен тыныштықты сақтау тұрғысынан да аса қауіпті» деді.

Ислам дұшпандығы мен мәдени нәсілшілдікпен күресте түрік қоғамының жалғыз емес екенін атап айтқан Ердоған бірдей мәселеге душар болған басқа мұсылман қоғамдар және көшпенді қоғамдармен қол ұстасып бірге күресу керектігін меңзеді.



Ұқсас жаңалықтар