Евфрат қалқаны операциясы аясында 32 террорист өлтірілді

ДАИШ террор ұйымының 119 нысанасы құрлықтан, 21 нысанасы болса әуеден жойылды.

645552
Евфрат қалқаны операциясы аясында 32 террорист өлтірілді

Сирияның солтүстігін террор ұйымдарынан тазалау үшін 24 тамыз күні Түркия басшылығында басталған Евфрат қалқаны операциясы аясында ДАИШ террор ұйымының 119 нысанасы құрлықтан, 21 нысанасы болса әуеден жойылды. Операцияларда 32 террорист өлтірілді.

Түрік қарулы күштеріне тиесілі ұшақтар тарапынан Әл-Баб және Бзагахтағы ДАИШ нысаналарына бағытталған әуе операциясы жасалып, террор ұйымының баспана, штаб пәтерлері, бақылау бекеттері және қару-жарақ қоймалары жойылды.

ДАИШ-тен тазаланған аймақтарда қолдан жасалған 16 жарылғыш жойылды.

Операцияларда аймақта өмір сүрген жазықсыз халыққа зиян келмеуі үшін әртүрлі шаралар қабылдануда.



Ұқсас жаңалықтар