ДАИШ-пен Түркия жалғыз күресті

Йылдырым Түркияның ДАИШ-пен жалғыз күрескенін білдіріп «Басқалары құр сөзден басқа жұмыс істемеді» деді.

643269
ДАИШ-пен Түркия жалғыз күресті

 

Премьер-министр Бинали Йылдырым Түркияның террор ұйымы ДАИШ-пен жалғыз өзінің күрескенін түсіндіріп ,«Басқалары құр сөзден басқа жұмыс істемеді» деді.

Премьер-министр Йылдырым Әділет және даму партиясының Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісіндегі апталық кезектен тыс топ жиналысында баяндама жасады.

Йылдырым Түркияның 911 километр шекарасы болған Сирияда 6 жылдан бері ішкі соғыс салдарынан мазасыз болғанын білдіріп, осыған орай басталған Евфрат қалқаны операциясының 133-ші күніне келгенін еске салды.

Операцияларда осы таңға дейін ДАИШ мүшесі 270 террористтің жойылғанын, осы санның ұсталғанмен бірге 1561 болғанын баяндаған Йылдырым Вашингтон әкімшілігін осы күреске үлес қоспағаны себепті сынға тартты.

Түркияның талай жылдан бері Америка Құрама Штаттары және НАТО тармағында бірге жұмыс істегенін айтқан Бинали Йылдырым көптеген салада да стратегиялық ортақтықтарының бар екенін атап өтті.

        

 

 



Ұқсас жаңалықтар