Сириялық босқындар Түркия мен президентіне алғыс айтты

Сириялық мүгедек босқын Али Салим 150 мың халебтіктің Түркия мен президент Ердоғанға риза екенін атап айтты.

631646
Сириялық босқындар Түркия мен президентіне алғыс айтты

Сирияда режим мен Иран басшылығындағы шиіт күштердің қоршауындағы шығыс Халебтен шығып, оппозиционерлердің бақылауындағы Идлибке ұласқан Халебтіктер Түркия халқы мен президент Ердоғанға алғыстарын білдірді.

Идлиб қаласына апарылған мың 150 халебтіктен бірі болған Али Салим алдымен Аллаға, кейін Түркия мен президенті Ердоғанға рахмет айтқандарын білдірді.

Түркияның еркін Сирия халқымен ынтымақтастық жасаған жалғыз мемлекет екенін атап көрсеткен Салим күрестерін жалғастырған кезде көптеген елдің оларды жалғыз қалдырғанын және сатқындық жасағанын атап айтты.

Салим «Араб басшылар бізді өлімге тастады, өз орындарын қорғау үшін бізді сатты. Құдай қаласа қайта ораламыз, ол жерден шыққанымызға өкінішті емеспіз, мемлекетке қайта ораламыз. Бүкіл әлем жаппай Халебке қарсы соғыс жариялап бас қосты. АҚШ-тың өзі жасырын түрде соғысты. Ешкім бізді жақтамаса да, жалғыз Алла және Режеп Тайып Ердоған мен Түркия қолдады» деді.

Мүгедек болған Салим араб елдеріне де үн қатып, «Балаларымызды бауыздады, өлтірді. Әйелдеріміз түні күні көз жасы төгуде. Үйлеріміз жермен-жексен болды. Оларға ескерткім келеді, біз бастан кешкендерді ешқайсың сынамадыңдар» деді.



Ұқсас жаңалықтар