Халеб мәселесі адам құқықтары мәселесі

Ердоған Халеб мәселесін адам құқықтары мәселесі ретінде қарағандарын білдірді.

631516
Халеб мәселесі адам құқықтары мәселесі

Президент Режеп Тайып Ердоған Сирияның Халеб қаласындағы жай халықтың қауіпсіз жерге апарылуы жөнінде Америка Құрама Штаттары президенті Барак Обама, Ресей президенті Владимир Путин және Германия премьер-министрі Ангела Меркельмен телефон арқылы сөйлескенін мәлімдеді.

Президент Ердоған Словения президенті Борут Пахормен кездескеннен кейін ортақ баспасөз мәслихатын ұйымдастырды. Ұйымдастырылған баспасөз мәслихатында журналисттердің сұрақтарына жауап берді.

Ердоған Сирияда бір шешім болатын болса, онда алдымен Халебтегі жағдайдың қолға алынуы керектігін білдірді.     

Ердоған Халебтегі атысты тоқтату және жай халықты қауіпсіз жерге апару жөнінде Путинмен талай рет кездескенін және кездесулер арқылы екі ел Сыртқы істер министрлерінің де осы процесті бірге қадағалап отырғанын айтты.

Ердоған Халеб мәселесін адам құқықтары мәселесі ретінде қарағандарын білдірді. 



Ұқсас жаңалықтар