ПКК-ға қолдау бергендер азаматтықтан шығарылмақ

Сыртқы істер министрі ПКК террор ұйымымен күрес аясында халықаралық шаралар қабылданатынын жариялады.

630800
ПКК-ға қолдау бергендер азаматтықтан шығарылмақ

Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлу ПКК террор ұйымымен күрес аясында халықаралық шаралар қабылданатынын жариялады.

Чавушоғлу ПКК-ға қолдау бергендерді азаматтықтан шығаруға қоса жаңа реттеулер жасалатынын атап көрсетті. Чавушоғлу «Шетелде өмір сүрген азаматтарымыз сол жерде ПКК-ға қолдау берген жағдайда азаматтықтан шығаруға қоса қажетті барлық шараны қабылдаймыз. Әр қайсысын жеке жеке қадағалап отырамыз» деді.

Бір телеарнаның арнайы бағдарламасына қонақ болған Сыртқы істер министрі Еуроодақ елдерінде ПКК-ны айыптау үшін демократиялық наразылық көрсеткен түріктерге шабуылдағандарды анықтаған соң қажетті шараларды қолданатындарын атап айтты. Чавушоғлу талаптарын орындамаған елдерді «террорға қолдау берген ел» ретінде бағалайтындарын білдірді.

ПКК-ның Иракта Мосул қаласына қарасты Талль-Афар ауданына қауіп төндірген жағдайда «Жоямыз» деп ескерткен Чавушоғлу «Әсіресе Талль-Афарда өмір сүрген түрікмендерге қауіп төнбеуі үшін аймақты жақын қадағалаймыз. Қажет жағдайда сол жерді атқылауға дайынбыз. Кандил тауындай, осындағы ПКК мүшесі террористтер де біз үшін қауіп болып табылады» деді.

Чавушоғлу Сирияда жалпы бітімді қамтамасыз ету және саяси шешім тақырыбында келіссөздерді бастау үшін 27 желтоқсан күні Мәскеуде Түркия, Ресей және Иран арасында үштік жиналыс өтетінін жариялады.



Ұқсас жаңалықтар