Режеп Тайып Ердоған шәйіт полициялардың жаназа рәсіміне қатысты

Стамбұлда сенбі күні жасалған террор шабуылында шәйіт болған полициялар мемлекеттерінде жерленді.

628958
Режеп Тайып Ердоған шәйіт полициялардың жаназа рәсіміне қатысты
erdoğan şehitler tepesi.jpg

Стамбұлда шәйіт болған 4 полицияның жаназа рәсіміне президент Режеп Тайып Ердоған, премьер-министр Бинали Йылдырым, вице-премьер Нуман Куртулмуш және Ішкі істер министрі Сүлейман Сойлуға қоса көптеген азамат қатысты.

Президент Ердоған алдымен Байрампашадағы Арнайы полиция жасақтары дирекциясына барып көңіл айтты артынан террор шабуылы жасалған Бешикташтағы «Шәйіттер төбесі» деп аталған жерге барды.

Лауазымдылардан мағлұмат алған Ердоған шәйіттер үшін дұға етті.

Президент Ердоғанмен бірге Энергия министрі Берат Албайрак, Ішкі істер министрі Сүлейман Сойлу, Отбасы және әлеуметтік саясаттар министрі Фатма Бетүл Саян Кая, 1-ші армия қолбасшысы генерал Муса Айсевер, Полиция Бас директоры Селами Алтынок, Стамбұл губернаторы Васип Шахин, Стамбұл муниципалитет басшысы Кадир Топбаш, Бешикташ муниципалитет басшысы Мурат Хазинедар, Бейоғлу муниципалитет басшысы Ахмет Мисбах Демиржан және Бешикташ футбол клубы басшысы Фикрет Орман да барды.

Стамбұлдағы террор шабуылында шәйіт болған Анкаралық 3 полиция үшін де бөлек жаназа рәсімі ұйымдастырылды.

Аталмыш полициялар қатысушылардың дұға және көз жастарымен шығарып салынды.

Қалған шәйіт полиция қызметкерлері де рәсімнің артынан мемлекеттерінде жерленді.



Ұқсас жаңалықтар