Опасыз шабуылда 39 адам шәйіт болды

Екі бөлек шабуылда 155 адам жарақат алды.

627830
Опасыз шабуылда 39 адам шәйіт болды

Стамбұлда полицияны нысанаға алған 2 бөлек террор шабуылында 38 адам шәйіт болды.

Опасыз шабуылда 155 адам жарақат алды.

В-премьер Нуман Куртулмуш Стамбұлда кеше кешкі уақытта бір футбол матчының артынан полицияны нысанаға алған шабуылдардың бірі бомба тиелген көлікпен, екіншісі болса 45 секундтан кейін бір жанкешті тарапынан жасалды.

Куртулмуш «Қайғымыз өте үлкен. Дегенмен ұлттық бірлігімізді сақтауға міндеттіміз» деді.

Халықаралық қоғамды болса тікелей Түркияның қасында болуға шақырған Куртулмуш Түркияның террор ұйымдарын жаппай жоятынын білдірді.

Ішкі істер министрі Сүлейман Сойлу болса шабуылдармен байланысты қазірге дейін 10 адамның тергеуге алынғанын атап айтты.

Опасыз шабуылмен байланысты Стамбұл бас прокуратурасы егжей-тегжейлі тергеу жүргізуде.



Ұқсас жаңалықтар