Президент Ердоған Германияға наразылық көрсетті

Ердоған Мәжіліс төрағасы орынбасары мен қасындағы делегацияны бірнеше сағат күткізген Германияға наразылық көрсетті.

625642
Президент Ердоған Германияға наразылық көрсетті

Президент Режеп Тайып Ердоған Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісі төраға орынбасары Айшенур Бахчекапылыға Германия әуе жайында жасалған әрекетке наразылық көрсетті.

Президент Ердоған Германияға еселеп жауап қайтарылатынын атап айтты.

Ердоған президенттік сарайда өткен 31-ші ауыл басшылары жиналысында Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісі төрағасының орынбасары Айшенур Бахчекапылыға жасалған әрекет күн тәртіпке келді.

Германияға іс-сапармен барған кезде ішінде куәлігі және паспорты бар сөмкесі ұрланған соң өкілетті елшіліктен алған уақытша паспортқа қарамастан Бахчекапылыға әуе жайдан өтуге рұқсат берілмегенін түсіндірген президент Ердоған «Сен террористтерді қабылдап, елінде күтесің. Бірақ бұл елдің Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісі төраға орынбасары және делегацияны кеден қақпасында бірнеше сағат ұстайсың. Қазір оларға да бұл әрекетті жасау керек емес пе? Одан кейін ‘Ердоған диктатор’ дейді. Сен менің Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісі төраға орынбасарыма бұл әрекетті жасасаң, мен де осында сондай әрекетке рұқсат етуім керек. Егер барлық қызметкерлерің үшін шара қолданбайтын болсаң, Түркия да осыған еселеп жауап қайтаруға міндетті» деді.



Ұқсас жаңалықтар