Челик Еуроодақ елдердің елшілерімен кездеседі

Өмер Челик Еуропа Одағы мүшесі елдердің елшілерімен Аданада кездеседі.

625454
Челик Еуроодақ елдердің елшілерімен кездеседі

Еуропа Одағы министрі және келіссөз жүргізуші Өмер Челик Еуропа Одағы мүшесі елдердің елшілерімен ертең Аданада кездеседі.

Еуропа Одағы қайнар көздерінен алынған мағлұмат бойынша Еуропа Одағы мүшесі елдерінің елшілері желтоқсан айының 8-10 күндері аралығында Адана мен Мерсинді зиярат етеді.

Еуропа Одағы министрі Өмер Челик те елшілермен Аданада берілетін кешкі қонақасында бас қосады.

Қонақасы жиналысында Түркия мен Еуропа Одағы арасындағы соңғы жағдайлар қолға алынады.

Еуропа Парламентінің Еуропа Одағы мен Түркия арасындағы мүшелік келіссөздерінің уақытша тоқтатылуы шешімі де жиналыста талқыланады.

 

 



Ұқсас жаңалықтар