Евфрат қалқаны операциясы аясында ДАИШ-тік 4 террорист өлтірілді

Әуе күштері қолбасшылығына қарасты соғыс ұшақтары ДАИШ террор ұйымының 4 ғимаратын жойды.

619028
Евфрат қалқаны операциясы аясында ДАИШ-тік 4 террорист өлтірілді

Сирияның солтүстігін террор ұйымдарынан тазалау үшін 24 тамыз күні Түркияның басшылығында басталған Евфрат қалқаны операциясы аясында ДАИШ террор ұйымы мүшесі 4 террорист өлтірілді.

Операцияның 97-ші күнінде Еркін Сирия армиясына қарасты күштер Халилийе, Ажами және Шабвиран ауылдарын бақылауға алды. Операция аясында ДАИШ террор ұйымының 2 ДШК қарулы көлігі қолға түсті.

Әуе күштері қолбасшылығына қарасты соғыс ұшақтарының әуе операциясында ДАИШ-ке тиесілі 4 ғимарат жойылды.

Террор ұйымдары тарапынан қолданылған және шекара аймағында қауіпсіздік рискі туғызған Сирияның солтүстігінде коалиция күштері жасаған операцияларға қолдау берген Түрік қарулы күштері аймақ тұрғыны жазықсыз халыққа зиян келмеуі үшін бар шараны қолдануда.



Ұқсас жаңалықтар