Аданада опасыз шабуыл

Адана губернаторлығы маңындағы автокөлік паркінде жарылыс болды.

616835
Аданада опасыз шабуыл

Азанғы уақытта болған жарылыстың артынан аймаққа көптеген жедел құтқару көлігі жіберілді.

Өрт сөндіру топтары да жарылыстың артынан өртенген көліктерді сөндіру үшін оқиға орнына келіп жетті.

Полиция губернаторлық бағытындағы барлық жолдарды жапты.

Еуроодақ министрі және бас келіссөз жүргізуші Өмер Челик твиттер арқылы жасаған мәлімдемеде «Губернаторымызбен әңгімелестім. Жаралылар бар» деді.

Оқиғаның бір террор шабуылы екенін атап көрсеткен Өмер Челик «Қанішер террор ұйымы жазықсыз адамдарымызды нысанаға алуда. Бұл террормен күресті соңына дейін жалғастырамыз» деді.



Ұқсас жаңалықтар