Қытай ШЫҰ тақырыбында Түркияны қолдайды

Бұл туралы Қытай Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Гынг Шуанг мәлім етті.

614826
Қытай ШЫҰ тақырыбында Түркияны қолдайды

Қытай ШЫҰ тақырыбында Түркияны қолдайды.

Қытай Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Гынг Шуанг президент Ердоғанның Шанхай Ынтымақтастық ұйымына байланысты мәлімдемелеріне байланысты «Түркияның ШЫҰ-мен ынтымақтастықты тереңдету талабына көк көңіл бөлеміз» деді.

«Түркия – Еуразияда маңызды бір ел,  Шанхай Ынтымақтастық Ұйымының да маңызды диалог серігі» деді ол.

Президент Режеп Тайып Ердоған өткен апта Өзбекстан сапарынан қайтарда Түркияның ұйымға қосылуының пайдалы болатынын айтқан еді.

Қытай, Ресей, Қазақстан, Қырғызстан және Тәжікстан 1996 жылы қалыптастырған Шанхай бестігі 2001 жылы Өзбекстанның да қатысуымен Шанхай Ынтымақтастық Ұйымына айналған болатын.

Ұйымда Үндістан, Ауғанстан, Иран, Моңғолстан, Пәкістан бақылаушы ел ретінде орын алуда. Белоруссия, Түркия мен Шри-Ланка да диалог серігі болып табылады.



Ұқсас жаңалықтар