Ердоған НАТО парламенттік ассамблеясы жиналысына қатысты

Ердоған террор ұйымдары мен халықаралық қоғам арасында Түркияның бір бөгет екенін білдірді.

614642
Ердоған НАТО парламенттік ассамблеясы жиналысына қатысты

Президент Режеп Тайып Ердоған террор ұйымдары мен халықаралық қоғам арасында Түркияның бір бөгет екенін білдірді.

Ердоған Стамбұлда НАТО парламенттік ассамблеясының күзгі жалпы кеңес жиналысына қатысты. Жиналыста айтқан сөзінде «Түркия террор ұйымдарымен Еуропадан бастап, бүкіл әлем мемлекеттері арасында бір бөгет сияқты міндет атқарады. Егер біз бұл күресте табыссыз болсақ, яғни бұл бөгет жойылатын болса террористтер су тасқыны сияқты бүкіл әлемді өртеп, қан төгеді. Біз бұл бөгетті әлсіретудің орнына күшейтейік дейміз» деді.

«Қазір әлемде ешкімнің өрт шыққан кезде ‘алауы бізді өртемейді’ деуге люксі жоқ» деген Ердоған қауіптер жаһанданған және күш теңгерімі өзгеріп жатқан бұл кезеңде қазіргі мекемелердің өздерін реттеу керектігіне назар аударды.

Президент бұл аяда НАТО-ның болса бір қорғаныс ұйымы еместігін, демократиялық құндылықтарды жетілдіру арманына бағынышты мемлекеттердің де басын қосқан бір қауіпсіздік платформасы екенін атап көрсетті.

ДАИШ-ке қарсы соғысқан ПЙД/ЙПГ-ні террор ұйымы ретінде қабылдамағандардың террор ұйымы ДАИШ-ке қарсы күресетін Әл-Нусра майданын да террор ұйымы ретінде қабылдамау керектігін атап айтқан Ердоған «Бір террорист екінші террористпен соғысады деген оймен ‘жақсы’ деп атауға бола ма? Біз қазір Сирияда және Иракта мұны байқаймыз» деді.



Ұқсас жаңалықтар