«Армян қырғыны» деп аталған айыптаулар мүлде жалған

Акар «Армян қырғыны» деп аталған айыптаулардың жалған екенін айтты.

614430
«Армян қырғыны» деп аталған айыптаулар мүлде жалған

Бас Штаб төрағасы генерал Хулуси Акар «Армян қырғыны» деп аталған айыптаулардың жалған екенін айтты.

Хулуси Акар Стамбулда жалғасқан НАТО Парламенттер Ассамблеясының 62-ші жалпы кеңесіндегі қорғаныс және қауіпсіздік комитеті жиналысында бір баяндама жасады.

Сөз кезегінде Арменияның бір  депутаты ауыз жүзінде Армян қырғыны пайымдауының 26 елдің танығанын білдіріп, осы жөнінде әрқандай бір тергеу орын алмағанын айтты.

Осы сөздерге орай Акар «16-шы ғасырда Галилео Галилей дүние айналады дегенде барша әлем оған қарсы шыққан болатын. Бірақ Галилейдің айтқан шындығы өзгермеді. Сондықтан барлық елдер «Армян қырғыны» бар дегенімен, қырғынның болмаған шындығы өзгермейді» деп жауап берді.

Бас Штаб төрағасы генерал Хулуси Акар армян делегациясының Халебке Түркияның киліккені туралы пайымдауға қарсы шығып «Түрік Қарулы Күштерінің Халебпен байланысында бір мәселе жоқ. Бір оқ атқанымызды дәлелдейтін болса, онда мен отставкаға кетемін. Бұл ұятсыздық, жалған сөз» деді.

Генерал Акар Фетуллахшы террор ұйымы параллель мемлекеттік жүйесінің 15 шілде күнгі төңкеріс әрекетіне де тоқталып, өздерін зиярат еткен және телефон шалып қолдау бергендерге алғыс айтты.

НАТО-ның Түркияға деген тұғырының өте маңызды екенін түсіндірген Акар Түркияның НАТО-мен ынтымақтастығының күшейетінін айтты.

           

 



Ұқсас жаңалықтар