Ердоған кеше кеште Өзбекстанға барды

Ердоған Өзбекстан Президенті өкілі  Шавкат Мирзиеевпен кездесті.

613029
Ердоған кеше кеште Өзбекстанға барды

Пәкістандағы сапарын тамамдаған Президент Режеп Тайып Ердоған кеше кеште Өзбекстанға барды.

Президент Ердоған Самарқандта алдымен Өзбекстанның тұңғыш президенті Ислам Кәрімовтің қабіріне гүл қойды.

Ердоған Өзбекстан Президенті өкілі және премьер-министрі Шавкат Мирзиеевпен оңаша кездесті. Одан кейін кешкі қонақасына қатысты.

Имам әл-Бухари және Имам әл-Матуридидің қабірін зиярат еткен Ердоғанның Самарқандтағы соңғы аялдамасы тарихи Регистан алаңы болды.

Президент Ердоғанның сапарына премьер-министр орынбасары Тугрул Түркеш, Сыртқы істер министрі Мәвлүт Чавушоғлұ, Энергия және табиғи байлықтары министрі Берат Албайрак, Экономика министрі Нихат Зейбекчи, Отбасы және әлеуметтік саясаты министрі Фатма Бетул серік болды. 



Ұқсас жаңалықтар