Ван қаласында бомба тиелген көлік ұсталды

Ван қаласында азаматтардың хабарлауымен бомба тиелген көлік полиция тарапынан жойылды.

610741
Ван қаласында бомба тиелген көлік ұсталды

Ван қаласында бомба тиелген көлік күдіктенген азаматтардың хабарлауымен табылды.

Ванның Жібек жолы ауданына қарасты Сейит Фехим Арваси аумағында «155» полиция хабарлау телефонына күдікті бір көліктің аялдағаны жайлы ақпар түсті.

Аталмыш аймаққа арнайы полиция жасақтары, террормен күрес арнайы тобы мен бомба жою тобы жіберілді.

Полиция қабылдаған қауіпсіздік шаралары аясында көлік қатынасына жолды жауып, азаматтарды аймақтан шығарды.

Ішінде 9 анти танк минасы, 4 газ баллон, 10 килограмм A-4 жарылғыш және 13 электр капсуласы мен тетігі бар екені анықталған автокөлік жойылды.

Аймақта террористтерді ұстау үшін операция басталды.



Ұқсас жаңалықтар