Ердоған Минскке аттанып кетті

Президент Режеп Тайып Ердоған Белоруссияның бас қаласы Минскке аттанып кетті.

608552
Ердоған Минскке аттанып кетті

Президент Режеп Тайып Ердоған Белоруссияның бас қаласы Минскке аттанып кетті.

Президент Ердоған мен Белоруссия президенті Александр Лукашенко басшылығында өтетін кездесулерде маңызды аймақтық тақырыптар қолға алынады.

Кездесулерде айырықша екі ел қарым-қатынастарының тереңдетілуіне бағытталған ынтымақтастық мүмкіндіктері күн тәртібіне келеді. Кейбір келісім мен хаттамаларға қол қойылуы көзделіп отыр.

Президент Ердоған айырықша Түркия-Белоруссия Бизнес форумына қатысады. Түркия Дін істері фонды тарапынан салынған Минск мешітінің ашылу салтанатында да орын алады.

Президент Режеп Тайып Ердоғанның Минск сапарында вице-премьер Нуман Куртулмуш, Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлу, Экономика министрі Нихат Зейбекчи мен Кеден және сауда министрі Бүлент Түфенкчи серік болады.



Ұқсас жаңалықтар