Министр Ирак елшісін қабылдады

Ирак делегациясына Түркияның террормен күресі түсіндірілді.

608205
Министр Ирак елшісін қабылдады

ТР Ұлттық Қорғаныс министрі Фикри Ышык Ирактың елшісін қабылдады.  Ирактың Анкарадағы өкілетті және төтенше елшісі Хишам Али Екбер Ибрахим әл Алевиді қабылдауда Түркияның Башика лагеріндегі істері мен халықаралық коалицияға қосқан үлесі баяндалды.

Түркияның қадамдарының Ирактың ДАИШ және басқа да террор ұйымдарынан азат етілуін мақсат еткені айтылды.

Кездесуде екі ел арасында қолға алынып, шешілмейтін тақырып болмайтыны жөнінде келісімге келінді.

Түркияның Ирактың территория тұтастығына көңіл бөлетіні де атап айтылды.

Сондай-ақ PKK террор ұйымының лаңкестіктеріне рұқсат берілмеу керектігі баса айтылды.



Ұқсас жаңалықтар