Ердоған Трампты құттықтады

Президент Режеп Тайып Ердоған Дональд Трамптың президент болуымен құттықтады.

607657
Ердоған Трампты құттықтады

Президент Режеп Тайып Ердоған Америка Құрама Штаттарының 45-ші Президенті Дональд Трампқа телефон шалып, оның президент болуымен құттықтады.

Президенттік қайнар көздерден алынған мағлұмат бойынша Президент Ердоған АҚШ-тағы президенттік сайлаудағы жеңісіне орай Трампқа табыс тіледі.

Түркия мен АҚШ-тың өзара құрмет, ортақ мүдделер және ортақ құндылықтар негізінде табысқан екі одақтас ел екеніне назар аударған Президент Ердоған алдымыздағы кезеңде екі жақты қарым-қатынастардың тіпті күшейетініне сенгенін түсіндірді.

Телефон әңгімесінде Президент Режеп Тайып Ердоған мен АҚШ жаңа Президенті Дональд Трамптың екі ел қарым-қатынастарын нығайтумен баста террормен күресу болып, аймақтық және халықаралық тақырыптарда ынтымақтастық жасау жөніндегі табандылықтарын да айтқаны білдірілді.

 



Ұқсас жаңалықтар