Ердоған маңызды мәлімдеме жасады

Ердоған «Біздің негізіміз халықта, біз халыққа сүйенудеміз» деді.

606626
Ердоған маңызды мәлімдеме жасады

Президент Режеп Тайып Ердоған маңызды мәлімдеме жасады.

Анкара сауда палатасының 5-ші Іскер және кәсіпкерлер жиналысында сөз сөйлеген Ердоған «Біздің Түркия Республикасы мемлекетінен басқа мемлекетіміз жоқ. Кімде кім басқа арам ниетте болмасын. Арам ниетте болғандар есебін береді. Басқа бір ел немесе күшке сүйенгендер жазасын тартады. Біздің негізіміз халықта, біз халыққа сүйенудеміз» деді.

Баяндамасында Фетуллахшы террор ұйымы параллель мемлекет жүйесіне де тоқталған Ердоған «Осы төңкеріс әрекеті жүзеге асатын болса онда Фетуллахшы террор ұйымы параллель мемлекет жүйесі не істеуші еді? Тек өзіне бойсұнғандарға ғана өмір сүру мүмкіндігін береді. Бүл ұйымның шын бейнесін түсіндіру үшін көптеген тәжірибе жинауымыз керек. Фетуллахшы террор ұйымы параллель мемлекет жүйесінің «хикмет» атымен іскер және кәсіпкерлерімізді ақшамен өзіне тартты. Заттық қысым жасады, рухани жақтан қолданды. Бұл ұйымның істегендері моралға да, Исламға да қайшы қайшы. Біздің өркениетіміз бен мәдениетімізде мұндай бір әрекеттің орны жоқ» деген сөздер қолданды.

 



Ұқсас жаңалықтар