Ұлыбританияда ПКК жақтаушылары 2 түрік азаматына шабуылдады

Ағылшын полициясы шабуылға ұшыраған түрік азаматтарының шағымын қабылдамады.

605331
Ұлыбританияда ПКК жақтаушылары 2 түрік азаматына шабуылдады

Сот тарапынан бірнеше рет шақырылса да, түсініктеме беруге бармаған Халықтардың демократия партиясы депутаттарының тұтқындалуын сылтауратқан ПКК жақтаушылары 2 түрік азаматына шабуылдады.

Шабуылға ұшыраған жәбірленушілердің бірі Джейлан Нас Анадолы агенттігіне мағлұмат берді. Нас шабуылға ұшыраған соң ағылшын полициясына шағымдануға барғандарын, алайда полицияның шағымды қабылдамағанын атап көрсетті.

Түркияға қарсы плакаттар көтеріп, ұрандар тастаған террор жақтаушыларымен «Oxford Circus» метро станциясынан шыққан кезде кездескендерін атап көрсеткен Нас «Қалыңдығыммен бірге не болып жатқанын жақыннан көру үшін оларға қарай бет алдық. Айналадағылар қолдарында ұялы телефондарымен ереуілшілерді түсіріп жатқан болатын. Біз де телефонмен түсіре бастадық. Сол кезде басына қара капюшон киген біреу бізге қарай бағытталып, телефонды қолымыздан алмақшы болды» деді.

Нас аталмыш ереуілшінің өздерін қорқытқанын жеткізді.

Ереуілшілердің Түркияны қорлайтын сөздер айтқанын атап көрсеткен Нас ереуілшілерге жауап қайтарғандарын, артынан ереуілшілердің өздеріне шабуылдағанын білдірді. Нас оқиға орнындағы полицияның шабуылдаушыларды тоқтатпағанын атап айтты.

Оқиғаның артынан полицияға шағым жасауға барғандарын түсіндірген Нас ағылшын полицияның оларды тыңдамағанын, соққы іздерін дәлелдеу мақсатты денсаулық тексеруінен өткізбегенін білдірді.



Ұқсас жаңалықтар