Мардинде полицияға шабуыл жасалды

Шабуылда 3 полиция қызметкері жарақат алды.

600071
Мардинде полицияға шабуыл жасалды

Мардиннің Кызылтепе ауданында Әділет және даму партиясы Кызылтепе аудандық филиалы алдында күзету қызметін атқарған 3 полиция ПКК террор ұйымының шабуылына ұшырады. Шабуылда полиция қызметкерлері жарақат алды.

Әділет және даму партиясы аудандық филиалы алдында күзету қызметін атқарған полиция қызметкерлеріне шабуыл жасалды.

ПКК-лық террористтер қолдан жасаған бомба және ұзақ атымды қарулармен шабуылдады.

Қауіпсіздік бекетіндегі полиция қызметкерлерінің дәл кезінде қарсылық беріп қақтығыс шықты.

Қақтығыстан қашқан террористтер оқиға орнындағы 3 полицияны жаралады.

Террористтерді ұстау үшін аймақта ауқымды операция басталды.

Хатайдың Аманос тауының Акарджа аймағында террористтер бір шахтаға тиесілі кеңсе техникасы мен бір көлікті өртеді.

Оқиғамен байланысты ауқымды операция басталды.



Ұқсас жаңалықтар