"Түркияның ішкі саясатына араласуды қабылдамаймыз"

Путин Сочиде өткен Валдай клубының отырысында сөз сөйледі.

599009
"Түркияның ішкі саясатына араласуды қабылдамаймыз"

Ресей президенті Владимир Путин Фетуллах террор ұйымының Түркияның ішкі саясатына араласуының қабылданбайтынын айтты.

Путин Сочиде өткен Валдай клубының отырысында сөз сөйледі.

Ресей президенті өзіне  қойылған бір сұраққа жауап бере отырып,  қандай әдіспен болса да басқа бір елдің ішкі саясатына араласудың өздері үшін қабылданбайтынын айтты.

Путин президент Режеп Тайып Ердоғанның өзімен кездесуінде 15 шілде күнгі төңкеріс әрекетін FETÖ жасағанын және ұйымның басшысы Фетуллах Гүленнің АҚШ-та тұратынын айтқанын білдірді.

Отырыста Сирия мәселесіне де тоқталған орыс басшы Халеб қаласында азаматтарға қарамастан террористтермен соғысудан басқа таңдау жоқ екенін айтты. Путин: «АҚШ президенті Барак Обамамен арада келісілген Сирия келісімдері жүзеге аспағанына қиналамын.  Вашингтондағы кейбір күштер осы келісімдердің орындалмауы үшін бірнәрсе жасады» деді.



Ұқсас жаңалықтар