Президент ауыл басшыларына үн қатты

Ердоғанның күн тәртібінде Мосул операциясына қоса, Сирияның Халеб қаласындағы трагедия орын алды.

592913
Президент ауыл басшыларына үн қатты

Президент Режеп Тайып Ердоған Мосулда шығарылғысы келген мәзхаб қақтығыстарының түрік шекараларына ықпал ететінін атап, алдын алу керектігін білдірді.

Президент Анкарада 28-ші ауыл басшылары жиналысында үн қатты.

Ердоғанның күн тәртібінде Мосул операциясына қоса, Сирияның Халеб қаласындағы трагедия орын алды.

Түркияның қаланың азат етілуі үшін не қажет болса жасалатынын, сол үшін қазіргі Мосул мәселесінің шешілу керектігін білдірген Ердоған «Қажет десе Мосулдамыз. Әуе күштеріміздің Мосул операциясына қатысуы тақырыбында АҚШ-пен келісім жасалды. Қалған тақырыптарда да шешімдер іздестіріледі» деді.

Түркияны ФЕТӨ, ПКК және ДАИШ террор ұйымдарымен мазасыздандырып алыстатқысы келгендер бар екеніне назар аударған президент Ердоған «Біздің егемендігімізді, тәуелсіздігімізді террор ұйымдарымен қыспаққа алатынын ойлағандар қателеседі. Керісінше бұл ұйымдардың қарулары өз қолында жарылады. ПКК-ның Сириядағы тармағы ПЙД-ЙПГ-ні, мәзхабшыл ұстанымдағы Бағдат әкімшілігі және Асад режимін жақтағандарға ескерту жасаймын. Қателесесіздер, жандырғыңыз келген от бізден гөрі сізді өртейтін болады» деді.

Президент Ердоған Сирияда 5 мың шаршы шақырымдық террордан тазаланған қауіпсіз аймақ жобасының іске асырылуында маңызды қадам басылғанын атап көрсетті.

Ресей басшысы Владимир Путинмен кеше телефонда Халеб мәселесін қолға алғандарын атап көрсеткен Ердоған Путиннің Әл-Нусраның қаладан шығарылуы үшін Түркияның жұмыстануын өтінгенін атап айтты.

«Халебте жанған алауды өшіру үшін біздің сол жердегі бауырларымызға борышымыз бар» деген президент сол жерден басталатын бір көштің кем дегенде 1 миллион адамның Түркияға келуіне себеп болатынын ескертті.

Сол сұлу Халеб қаласы, сол өркениет, тарих қаласын күйретті. Жермен-жексен қылды» деген Ердоған «жүрегімде от жанады» деді.

24 тамыз күнінен бері Евфрат қалқаны операциясы аясында Желабрус, Рай және соңғы рет Дабыктың ДАИШ террор ұйымынан тазаланғанына назар аударған Ердоған «Төменгі жақта не бар? Әл-Баб қаласы. Сол жерге де кіреміз. Өйткені бізге қауіп төндірген жер Дабыкпен шектелмейді, Әл-Бабтың да оңтүстігін де қамтиды. Сол жерден Мүнбичті де қоршауға алуға тиістіміз» деді.

Президент Ердоған Сирияда 2 айдың ішінде Түркияның террормен күрестегі табысына 4 жылда ешкімнің қол жеткізе алмағанын атап көрсетті.



Ұқсас жаңалықтар