Министр Чавушоғлу БҰҰ-ның жаңа бас хатшысын құттықтады

БҰҰ Бас хатшысы ретінде Антониу Гутерреш сайланды.

584748
Министр Чавушоғлу  БҰҰ-ның жаңа бас хатшысын құттықтады

Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлу БҰҰ Бас хатшысы ретінде сайланған Антониу Гутеррешті жаңа міндетіне орай құттықтады.

Чавушоғлу және Гутерреш кеше телефонмен әңгімелесті. Чавушоғлу жаңа бас хатшыны БҰҰ Бас хатшылық міндетіне сайланғаны үшін құттықтады.

Гутерреш болса Чавушоғлуна алғысын білдіріп, БҰҰ Босқындар Жоғары комиссарлығы міндетін атқарған кезеңде сириялық босқындар тақырыбында Түркиямен жасалған ынтымақтастықтың БҰҰ Бас хатшылығы саулау науқанына болымды үлес қосқанын білдірді.

Министр Чавушоғлу БҰҰ Босқындар жоғары комиссарлығы кезеңінде Гутерреш ортаға қойған жасампаз ынтымақтастықты еске салып, Гутеррешке сириялық босқындар үшін жасаған жақсылықтарын ұмытпайтынын атап көрсетті.

Әңгіме барысында сондай-ақ келесі кезеңде де БҰҰ күн тәртібіндегі барлық тақырыптарда жақын ынтымақтастықтың жалғастырылатынына назар аударды.



Ұқсас жаңалықтар