Ердоған Сириядағы соңғы жағдайды түсіндірді

Ердоған Сирияда 600 мың азаматты өлтірген Асадтың кетуі керектігін айтты.

581376
Ердоған Сириядағы соңғы жағдайды түсіндірді

Президент Режеп Тайып Ердоған Сирияның солтүстігінде ұшақтардың ұшуына тиым салынған, қауіпсіз орнатылған және ішкі соғыстан қашқан халықтың қайтадан оралған бір  аймақ қалыптастыруын армандағанын айтты. Ердоған осы үшін 5 мың километрлік алаңның террордан  тазалануын нысана еткенін білдірді.

Катар Ротана телеарнасына берген сұхбатында Президент Ердоған аймақтағы соңғы оқиғаларды түсіндірді.

Сириялық байсалды оппозиционерлермен ынтымақтастық жасағанын баяндаған Ердоған Евфрат қалқаны операциясы мен террор ұйымы ДАИШ-тен тазаланған Жераблусқа 30-40 мың адамның оралғанын атап өтті.

Президент Ердоған «Мосулдың мосулдықтардың, Телафердің телафердіктердің болып табылады. Кімде кім бұл жерді жаулауға құқығы жоқ. Мосулдың террор ұйымы ДАИШ-тен құтылуынан кейін бұл жерде тек сүннит араптар, түрікмендер және сүннит күрдтер қалулары керек» деді.

Ердоған Сирияда 600 мың азаматты өлтірген Башар Асадтың кетуі керектігін, орнында тұрудың мүмкін емес екенін де айтты.

 



Ұқсас жаңалықтар