Ердоған Батыс әлемін террормен күресуге шақырды

Ердоған Ғылым және технология конференциясында баяндама жасады.

581854
Ердоған Батыс әлемін террормен күресуге шақырды

Президент Режеп Тайып Ердоған Батыс әлемін террор ұйымдарына қарсы күресуде шын пейіл болуға шақырды.

Ердоған ел ордасы Анкарада ұйымдастырылған Ғылым және технология конференциясында баяндама жасады.

Босқын мәселесінде Түркияны жалғыз тастаған елдерге наразылық көрсеткен Президент Ердоған Фетуллахшы террор ұйымы басшысын тапсырып бермеген Америка Құрама Штаттарын сынға тартып, «АҚШ бізден террористтерді тапсырып алуды талап еткен кезде біз дереу қайтарып бергенбіз. Бірақ өкінішке орай бұның қарымжысын стратегиялық одақтасымыздан ала алмадық. Бір террорист 17 жылдан бері кең байтақ территорияда ойран салып келді. Бұларды бізге тапсырып бермеді» деді.

Сирия мен Иракта террор қаупінің жаһандық жолында ілгерілегенін білдірген Ердоған «ДАИШ салдарынан адам баласы тарихының ең көне халықтары бірте-бірте жойылуда. Осыған орай аймағымыздағы мәселелердің шешімі үшін террор ұйымдарымен күресуде табанды тұғыр көрсету керек» деді.

Оңтүстік Азияда халықтың әлемнің құзырында қанды қырғынға душар болғанын да баяндаған Президент «Терроризмнің болымсыз ықпалының бірі болған босқын мәселесі баста Түркия болып, бірнеше елдің үстінде. Дамыған елдер осы ауыртпалықты алудан ат-тонын ала қашуда. Қорғандарын биіктенуден басқа ешқандай жұмыс істеген жоқ. Террордың кесірінен ұландарымыз шәйіт болуда. Еліміз 15 шілде күні террордың шабуылына душар болды» деген сөздер қолданды.

Біріккен Ұлттар Ұйымы сынды халықаралық ұйымдарды жұмыс істеуге шақырған Ердоған «Әлем тез қарқынды түрде бір былықпа кезеңіне қарай бет алуда. Түркия бұған қатты алаңдауда. Әлем 5-тен үлкен» деді.

 

 



Ұқсас жаңалықтар