Ердоған әлеуметтік желіде рекорд жасады

Ердоғанның БҰҰ Бас ассамблеясында сөйлеген сөзінен үзінділер жарияланған 4 тілдегі хабарламаларды миллиондаған адам оқыды.

575679
Ердоған әлеуметтік желіде рекорд жасады

Ердоған әлеуметтік желіде рекорд жасады.

Президент Режеп Тайып Ердоғанның БҰҰ Бас ассамблеясында сөйлеген сөзінен үзінділер жарияланған 4 тілдегі хабарламаларды миллиондаған адам оқыды.

Ердоған Америка Құрама Штаттарының Нью-Йорк қаласында өткен 71-іш кезекті Бас ассамблеяда сөз сөйледі.  «Әлем бестен үлкен» деген сөздерін қайталап айтқан Ердоған Сириядағы жағдай және босқындар тақырыбында да маңызды үндеу тастады.

Президент Ердоғанның хабарламалары әлеуметтік желіде де жаңғырды.  Қолданушылар #ErdoganVoiceofTheOppressed деген этикетпен оған қолдауларын білдірді.

Президентің әлеуметтік желідегі есептеріне жауапты Исмаил Джесурдың айтқанына қарағанда Ердоғанның түрік, ағылшын,  француз және араб тілдеріндегі твидтері барлығы 13 миллион 360 мың рет оқылды.

Ердоғанның түрік тіліндегі 12 твиді 4 миллион 780 мың рет оқылды.  Тек бір твид болса 1 миллионнан астам мәрте оқылды.



Ұқсас жаңалықтар