Ердоған Джо Байденмен кездесті

Президент Нью-Йоркта АҚШ президент орынбасары Джо Байденмен кездесті.

574756
Ердоған Джо Байденмен кездесті
erdoğan-çipras.jpg
erdoğan-suudi arabistan veliahtı.jpg
şinzo abe-erdoğan-borut pahor.jpg

Президент Режеп Тайып Ердоған Біріккен Ұлттар Ұйымының 71-ші Жалпы Кеңесіне қатысу барысында Нью-Йоркта АҚШ президент орынбасары Джо Байденмен кездесті.

Кездесуге Сыртқы істер министрі Мәвлүт Чавушоғлұ, Әділет министрі Бекир Боздағ, Экономика министрі Нихат Зейбекчи, Энергия және табиғи байлықтары министрі Берат Албайрак және Ұлттық барлау ұйымы төрағасы Хакан Фидан да қатысты.

Кездесуде Фетуллахшы террор ұйымы басшысы Фетуллах Гүленнің тапсырып берілуі күн тәртіпке келді.

Президенттік ақпарат қайнар көздерінен алынған мағлұматқа қарағанда Байден Гүленнің тұтқындалуы талабымен байланысты егжей-тегжейлі құжаттардың келе бастағанын айтты.

Джо Байден кездесуде Түркия мен АҚШ арасындағы стратегиялық қарым-қатынастардың маңызын білдіріп, түрік демократиясына қолдау жасайтынын қайталады және түрік халқының демократиялық органдарға және құқықтың үстемділігіне деген сенімін мақтады.

Евфрат қалқаны операциясына байланысты қолдауын қайталаған Джо Байден террор ұйымы ПКК-ның Түрік қауіпсіздік күштері және жай халыққа бағытталған шабуылын айыптады.

Президент Режеп Тайып Ердоған Нью-Йорктағы сапары аясында Словения Президенті Борут Пахор, Жапония премьер-министрі Синдзо Абэ, Грекия премьер-министрі Алексис Ципрас және Сауды Арабиясы мұрагер ханзадасы  Абдулазиз Әл-Саудпен де бас қосты.

 

 



Ұқсас жаңалықтар