Сыртқы істер министрі Нью-Йоркта

Чавушоғлу ресми байланыстарын бастады.

572793
Сыртқы істер министрі Нью-Йоркта
miroslav lajcak.jpg
espen barth eide.jpg
peter thomson.jpg

БҰҰ Бас ассамблеясының сессияларына қатысу мақсатымен Нью-Йоркқа барған Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлу жексенбі күні ресми байланыстарын бастады.

Чавушоғлу Еуропа Одағы комиссиясының төрағасының орынбасары Франс Тиммерманс, 71-ші кезекті Бас ассамблея сессиясының басшысы Питер Томсон, БҰҰ Бас хатшысының Кипр арнайы кеңесшісі Эйде, Еуропа Одағы кезекті төрағасы Словакияның Сыртқы істер министрі Мирослав Лайчак, Еуропа кеңесі бас хатшысы Ягланд, АҚШ Өкілдер мәжілісі мүшесі Элиот Энгелмен кездесті.

Чавушоғлуның Тиммерманспен кездесуінде 15 шілде күнгі төңкеріс әрекеті, көш және виза еркіндігі тақырыптары,  БҰҰ Бас ассамблеясының төрағасы Томсонмен кездесуінде төңкеріс әрекеті,  босқындар және Сирия тақырыбы қолға алынды.

Сыртқы істер министрі БҰҰ бас хатшысының Кипр арнайы кеңесшісімен кездесуінде де Кипрде жалғасып жатқан келіссөз үдерісін талқылады.



Ұқсас жаңалықтар