Йылдырым айт намазының артынан мәлімдеме жасады

Премьер-министр Сирияда тұрақты бейбітшіліктің шарт екенін атап көрсетті.

569733
Йылдырым айт намазының артынан мәлімдеме жасады

Премьер-министр Бинали Йылдырым Сирия жерінің тұтастығын жақтайтын тұрақты бір бейбітшіліктің шарт екенін атап айтты.

Стамбұлдағы айт намазынан шыққан соң мәлімдеме жасаған Йылдырым 6 жылдан бері жалғасқан соғыстың жеңімпазы болмағанын білдірді.

"Ешбір себеп адамды өлтіру үшін заңды болуы мүмкін емес. Адамзаттың міндеті адамның өмірін көркейту. Тағы бір рет Түркия Республикасының премьер-министрі ретінде шақыру тастаймын. Енді жетеді. 6 жыл болды. Тағы қанша адам өлмек. Келіңдер бұл бітімгерлікті тұрақты қылайық" деген премьер-министр Евфрат қалқаны операциясымен байланысты ДАИШ сияқты басқа да ұқсас террор ұйымдарын Сирияның Желабрус аймағынан алыстатуды және бұл аймақты нағыз иелеріне қайтаруды мақсат еткендерін атап көрсетті.

Түркияның шекара қауіпсіздігі қамтамасыз етілгенше түрік азаматтарының жанына және мүлкіне бағытталған шабуылдар жойылғанша Евфрат қалқаны операциясының жалғасатынын атап көрсеткен Йылдырым аймақ барлық террор ұйымдарынан тазаланғанша Тәуелсіз Сирия армиясына берілген қолдаудың жалғасатынын атап көрсетті.



Ұқсас жаңалықтар