Президент елге оралды

Президент саммит аясында 3-4-5 қыркүйек күндері өткізген кездесулерінің табысты өткенін білдірді.

565986
Президент елге оралды
cumhurbaşkanı yurda döndü1.jpg

Президент Режеп Тайып Ердоған Қытайда өткен Үлкен 20 саммиті аясындағы байланыстарын аяқтап, елге оралды.

Президент Ердоғанды Анкарадағы Есенбоға әуежайында Ішкі істер министрі Сүлейман Сойлу, Анкара мэрі Мехмет Кылычлар, Анкара полиция басшысы Махмут Карааслан мен басқа да басшылар қарсы алды.

Президент Ердоған мен жұбайы Емине Ердоған, вице-премьер Мехмет Шимшек,  Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлу, Экономика министрі Нихат Зейбекчи, Энергия және табиғи ресурстар министрі Берат Албайрак, Ұлттық барлау ұйымының басшысы Хакан Фидан да Түркияға келді.

Президент Ердоған Қытай Халық Республикасынан аттанбастан бұрын баспасөз мәслихатын ұйымдастырды.

Жиналыста Сирияда сенімді аймақ қалыптастыруды бірнеше мәрте ұсынғандарын білдірген президент ешбір елдің осы тақырыпта нақты қадам баспағанын айтты.

Босқын проблемасында әлем елдерінің  сынақтан өтпей қалғанын атап көрсеткен президент 3 миллион сириялық және ирактық азаматтарды паналатып отырған Түркияның осы салада 25 миллиард доллар қаражат жұмсағанын баяндады.

Ердоған терроризмнің де бүкіл әлемге қауіп-қатер төнгізгенін айтты. Түркияда 15 шілде күні болған төңкеріс жасау әрекетінің де терроризмнің бір түрі екенін атап көрсетті.

Сол түні теледидар арқылы халықты алаңдарға шақырғанын, сол халықтың террористтердің танк пен ұшақтарынан сескенбей, өзінің шақыруын қабылдағанын айтқан Ердоған мұның «демократия күресі» екенін атап көрсетті.

Ердоған осы Фетуллахшы террор ұйымының 170 елге дендеп енгенін айтып, «Осы елдерге ескерту, абай болыңыздар.  Осындай жағдай сендердің де басына келуі мүмкін» деді.

ДАИШ, PKK, PYD, YPG-ні бөліп жаруды тоқтату керектігін айтқан президент «Террористтердің жақсысы мен жаманы болмайды.  Бұлар арасында бөліп жарсаңыз, бумеранг секілді өзіңізге қайта келеді» деді.

Ердоған Түркияның осы ұйымдармен күресінде табандылығын атап көрсетіп, Сирияда 24 тамыз күні басталған Евфрат қалқаны қозғалысының мақсатының да осы екенін айтты.

Саммит жұмыстары аясында жаһандық өсімнің ұзын мерзімде жалғастырылуы үшін қадамдар қарастырылғанын айтқан президент «Нығметтердің көбін өз қолында жинаған елдердің жауапкершілік немесе жүк бөлісуге келгенде қашқақтауын қабылдауға болмайды» деді.

Президент саммит аясында 3-4-5 қыркүйек күндері өткізген кездесулерінің табысты өткенін білдірді.

Ердоған сонымен бірге Қытайда мүше елдердің басшыларына да түрік  және ағылшын тілдерінде дайындалған G20 Анталия саммиті кітабын сыйға тартты.

Сыйға тартылған шамамен 360 беттік осы арнайы кітапта саммит баяндамаларымен қоса қатысушы елдер және Анталия жөніндегі мәліметтер мен суреттер орын алған.

Президент Ердоған айырықша Қытайда кездескен басшыларға FETÖ-нің 15 шілде күнгі төңкеріс жасау әрекеті мен ұйым жөнінде мәліметтер жинақталған пакет берді.



Ұқсас жаңалықтар