Ердоған мәлімдеме жасады

Түркия арам ниетті әрекеттерге рұқсат бермейді.

563659
Ердоған мәлімдеме жасады

Президент Режеп Тайып Ердоған Түркияның оңтүстік шығысында бір террор алаңын қалыптастыруға рұқсат бермейтінін айтты.

Президент Ердоған Үлкен 20 тобы саммитіне қатысу үшін Қытайға аттанар алдында күн тәртіпке байланысты мәлімдеме жасады.  

Ердоған тағы бір мәрте Түркияның оңтүстік шекараларында жасалуға жоспарланған кедергілерге рұқсат етпейтінін ашық баяндады.

Соңғы күндерде Батыстағы кейбір елдердің жасаған мәлімделеріне таң қалғанын меңзеген Ердоған «Жераблуста ДАИШ-тің жеңіліске ұшырауына кейбіреулер мазасыз болуда. Бұл жағдайды түсіну мүмкін емес. Түркия бір мемлекет ретінде армиясымен ұлтымыздың және аймақтағы халықтың амандығын сақтау үшін қолымыздан келгенін істеп жатырмыз» деген сөздер қолданды.

 

 

 



Ұқсас жаңалықтар