Сииртте 1 әскер шәйіт болды

ПКК террор ұйымына бағытталған операцияда 1 әскер шәйіт болды, 1 әскер жарақат алды.

563264
Сииртте 1 әскер шәйіт болды

Сиирттің Первари ауданында ПКК террор ұйымына бағытталған операцияда 1 әскер шәйіт болды, 1 әскер жарақат алды.

Жаралы әскер операцияның артынан тікұшақпен Сиирт Мемлекеттік ауруханасына жеткізілді.

Первариге қарасты Доған ауылы маңында басталған операцияда қауіпсіздік күштері мен террористтер арасында қақтығыс шықты.

Сиирт 3-ші Арнайы жасақтар бригада қолбасшылығынан көтерілген Атак тікұшақтарының аймақтағы операцияға қолдау бергені білдірілді.

Басқа жағынан Бас Штаб Басқармасы жасаған мәлімдемеге қарағанда Хаккаридің Чукурджа ауылдық аймағында жалғасқан операция барысында түрік соғыс ұшақтары нысаналарды жойды.

Операцияда 3 террорист өлтірілді, бір бекініс пен ұшақ қағар қондырғысы да жойылды.

Шырнакта болса қауіпсіздік күштерімен қақтығысқан 2 террорист өлтірілді.

Террористтердің қасында бір M-16 автоматы мен мерген мылтығы қолға түсті.



Ұқсас жаңалықтар