Түркия АҚШ-қа қатаң наразылық көрсетті

АҚШ-тың мәлімдемелеріне қатаң наразылық көрсеткен Түркия Вашингтон әкімшілігіне ескерту жасады.

562374
Түркия АҚШ-қа қатаң наразылық көрсетті

Сирияның Желабрус аймағында жалғасқан Евфрат қалқаны операциясына бағытталған АҚШ-тың мәлімдемелеріне қатаң наразылық көрсеткен Түркия Вашингтон әкімшілігіне ескерту жасады.

АҚШ Қорғаныс министрлігінің Сирияда ‘террор ұйымы ДАИШ болмаған жерлердегі қақтығыстарды қабылданбайтыны’ жөніндегі мәлімдемесіне бағытталған наразылық Сыртқы істер министрлігіне шақырылған АҚШ өкілетті елшісі Джон Басс-қа жеткізілді.

Кеңесші Феридун Синирлиоғлу Министрлікте қабылдаған өкілетті елші Бассқа АҚШ-тық лауазымдылардың Евфрат қалқаны операциясына қатысты сөздерінің қабылданбайтынын білдірді.

Бассқа сондай-ақ елінің бөлшектеуші террор ұйымы ПКК-ның Сириядағы тармағы PYD/YPG-нің Евфрат өзенінің шығысына шегінетіні жөніндегі уәдесін орындау керектігін де еске салды.



Ұқсас жаңалықтар