Президент Ердоған Джо Байденді қабылдады

Президент Ердоған мен АҚШ президентінің орынбасары ортақ баспасөз жиналысы өткізді.

558921
Президент Ердоған Джо Байденді қабылдады

Президент Режеп Тайып Ердоған ресми сапармен Анкараға келген АҚШ президентінің орынбасары Джо Байденді қабылдады.

Қабылдауда ұйымдастырылған ортақ баспасөз жиналысында президент Ердоған FETÖ басшысы Гүленді ұстап берілуін талап еткендерін атап айтты.

Ердоған «АҚШ-тың бұл тақырыптағы заңды талабымызды орындайтын қадамдарды басатынына сенемін» деді.

Президент сондай-ақ «ДАИШ-ке қоса террормен күрес аймақтағы ең маңызды тақырып. Террор ұйымдарының жақсы не жаманы болмайды. Ұлттық қауіпсіздігімізге қауіп төнуіне ешқандай рұқсат бермейміз» деді.

АҚШ президенті орынбасары Байден болса «FETÖ басшысы Гүленді қорғау үшін ешбір себебіміз жоқ» деді.

«Төңкеріс әрекетінің алғашқы сәтінен бастап сіздердің қасыңызда едік» деген Байден  «АҚШ төңкеріс әрекетімен байланысты баршаның сот алдына шығарылуы үшін қолдауын жалғастырады. Гүленнің қайтарылуы тақырыбында жақын ынтымақтастық жасайтынымызға күдіктенбеңіз» деді.

Джо Байден түрік және АҚШ халықтарының террор алдында кері қадам баспайтынын атап, «АҚШ халқы сізбен бірге. Барак Обама алғашқы телефон шалғандардың бірі. Мұның алдында келе алмағаным үшін кешірім сұраймын» деді.



Ұқсас жаңалықтар