Президент Ердоған әскери операция жайлы мәлімдеді

"Түркия Сирия жерінің тұтастығын қорғайды".

558256
Президент Ердоған әскери операция жайлы мәлімдеді

Президент Режеп Тайып Ердоған Сириядан Түркияға жасалған шабуылдарды тоқтату үшін бүгін таңғы уақытта Сириядағы террор ұйымдарына бағытталған операцияның басталғанын мәлімдеді.

Анкарада мүгедектерді мемлекеттік мекеме мен қоғамдарға жұмысқа орналастыру үшін ұйымдастырылған жиналысқа қатысқан президент соңғы күндердегі террор шабуылдарында шәйіт санының 241-ге ұласқанын атап, шәйіттерге Алладан рақымшылық тілеп, жанұяларына көңіл айтты.

Елдің қайтадан мұндай қайғыларды сынамауын тілеген президент «Қазір өкінішке орай Сириядан елімізге Газиантеп пен Килиске бағытталған шабуылдар жағдайды бұл сатыға келтірді. 'Енді бұған нүкте қоюымыз керек' дедік. Таңғы уақытта сағат 04:00-тен бастап ДАИШ, ПЙД сияқты террор ұйымдарына қарсы армиямыз бір операция бастады. Бұл мәселені шешуге тиістіміз. Біреулер қорқытады 'Сирия Түркия үшін андай-мұндай болады' деп. Мен осыдан оларға сұраймын. Сізге не болатынын есептедіңіздер ме?» деді.

Террорға қарсы ортақ қозғалудың маңызына тоқталған Ердоған «Егер террорға қарсы халықаралық бір келісім жасалмайтын болса, осыған бүкіл адамзат жауапты. Сол үшін ортақ күрес шарт. Біз әу бастан мықты тарихи байланысымыз бар сириялық бауырларымызға шынайылықпен жәрдем қолын созуға тырыстық, басқа ешбір мақсатымыз болмады. Жұмысымыз жоқ» деді.

Түркияның шекара тұтастығын қорғауға табанды екенін атап көрсеткен Ердоған «Мына табандылығымызды тағы бір рет халықаралық қоғамға қайталағым келеді. Түркия Сирияда сахнаға қойылған сценарийге, 'болып қалды екен' деген түсінікпен қарамайды, ризашылық көрсетпейді. Қажет жағдайда тікелей басып алумен қоса, бар мүмкіншіліктерді қолданып, Сирия жерінің тұтастығын қорғауда, бұл елдің өз халқының елді басқарылуын қамтамасыз етуде табанды» деді.



Ұқсас жаңалықтар