Мәжіліс төңкеріс пен терор ұйымын зерттейді

Зерттеу комитеті құрылуына байланысты шешім Ресми газетте жарияланды.

543086
Мәжіліс төңкеріс пен терор ұйымын зерттейді

Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісінде Фетуллахшы террор ұйымы параллель мемлекеттік құрылымның 15 шілде күнгі төңкеріс жасау әрекетіне байланысты Зерттеу комитеті құрылуына байланысты шешім Ресми газетте жарияланды.

Шешімге қарағанда төңкеріс әрекеті мен осы ұйымның істерін жан-жақты тексеріп,  қажетті шаралардың анықталуы мақсатымен құрылатын комитет 15 мүшеден қалыптасады.

Комитеттің жұмыс мерзімі төраға,  төраға орынбасары,  спикер және хатшы мүшелер сайланғаннан кейін үш ай. Комитет қажет болған жағдайда Анкара тысында да жұмыс істейді.

Атазаңға орай құрылған комитет жөніндегі мәжіліс шешімі 26 шілде күні қабылданған болатын.



Ұқсас жаңалықтар