Демократия күзеті жалғасуда

Стамбулда Таксим алаңына келген азаматтар төңкеріс әрекетіне наразылықтарын тілге тиек етті.

539397
Демократия күзеті жалғасуда

Фетуллахшы Террор ұйымы Параллель мемлекеттік құрылымның 15 шілде күнгі төңкеріс әрекетіне наразылық үшін алаңдарға жиналған азаматтар «демократияны күзетуін» жалғастыруда.

Митингтер президент Режеп Тайып Ердоған мен премьер-министр Бинали Йылдырымның шақыруымен 15 шілде күні түннен бері Түркияның 81 қаласында жалғасуда.

Стамбулда Таксим алаңына келген азаматтар төңкеріс әрекетіне наразылықтарын тілге тиек етті.

Стамбул қалалық муниципалитеті тарапынан құрылған платформадан азаматтар президент Ердоған оқыған өлеңдерді тыңдады. Қолдарына түрік байрақтарын ұстап келген азаматтар ән айтып,  күзеттерін жалғастырды.

Таксимдегі демократия митингіне он ауданның муниципалитет басшысы да қатысты.

Анкара депутаттары,  Анкара қалалық муниципалитетінің төрағасы Мелих Гөкчек,  Әділет және даму партиясының Әйелдер саласы төрайымы Лүтфие Селва Чам, аудандық басшылар мен кейбір ұйым өкілдері де демократия күзетіне қатысы,  халықпен бірге наразылық білдірді.



Ұқсас жаңалықтар