"Жаңа шаралар қолданамыз"

Премьер-министр Бинали Йылдырым Жоғары әскери кеңесте төңкеріс бастамасының қолға алынып,  маңызды қаралар қарастырылатынын айтты.

536142
"Жаңа шаралар қолданамыз"

Премьер-министр Бинали Йылдырым 28 шілде күні бас қосатын Жоғары әскери кеңесте төңкеріс бастамасының қолға алынып,  маңызды қаралар қарастырылатынын айтты.

Премьер-министр Түрік Қарулы күштерінің Қорғаныс министрлігіне емес, президенттік жүйеге өткеннен кейін президентке қарасты болуы керек екенін білдірді. Осы әрекет арқылы өздерінің масқарасын шығарған генералдердің тамыры тереңге баратын түрік армиясының абыройын да төккенін білдірген Премьер-министр "Мұның есебін сұраймыз" деді.

Премьер-министр опасыз әрекет жасалған түн туралы бір жеке меншік теледидарда баяндаған кезде маңызды мәліметтермен бөлісті.

Осы опасыз әрекетті жасағандардың әскер киімін киген террористтер екенін білдірген Йылдырым қалған офицерлерге лайықты құрмет көрсетілуін азаматтардан арнайы түрде сұрады. Бинали Йылдырым сол түні өзінің көлігінің де нысанаға алынғанын мәлімдеді.

Премьер-министр Стамбулдан Анкараға құрлық жолымен келе жатқанда көлігіне төңкерісшіл жандармерия тарапынан оқ атылуы нәтижесінде маршрутын өзгертіп, түнде Ылгаз аудандық әкімінің үйіне қонғанын айтты.

Артынан президент Режеп Тайып Ердоғанның халықты көшеге шығуға шақыруымен террористтердің мақсаттарына жете алмағанын еске салған Премьер-министр "Бұдан былай барлық нәрсені ең бастан қайта қолға алуымыз керек.  Әртүрлі шара қолданамыз. Осы үдеріс ортаға шыққан қателерге байланыст шара қолдану үдерісі." деді.

24 қараша күні орыс ұшағын құлатқан ұшқыштардың да қамауда екенін білдірген Премьер-министр Йылдырым барлығы 13 мың адамның қамауда екенін айтты. Төңкерісшілердің жиырма төртінің өлтірілгенін білдірді.

Йылдырым экономикалық дағдарыс туралы айтылғандардың қауесет екенін, Орталық Банк резервінің артқанын атап көрсетті.



Ұқсас жаңалықтар