Үкімет мәлімдемешісі баспасөзге мәлімдеме жасады

Вице-премьер және үкімет мәлімдемешісі Нуман Куртулмуш төтенше жағдай кезеңі жайлы мәлімдеме жасады.

534363
Үкімет мәлімдемешісі баспасөзге мәлімдеме жасады

Вице-премьер және үкімет мәлімдемешісі Нуман Куртулмуш төтенше жағдай мерзімі бойынша негізгі хақ пен еркіндіктерге зиян келтірілмейтінін білдірді.

Куртулмуш баспасөз органдарының Анкарадағы өкілдеріне жаңалықтар жайлы мәлімдеме жасады.

Вице-премьер халыққа емес, мемлекет ішіндегі террористік құрылымдарға бағыттап жарияланған төтенше жағдайдың төңкеріске қатысы барлармен байланысты жұмыстардың жылдам жүргізілуін нысанаға алғандарын білдірді.

Еуропадағы адам құқықтары келісімінің уақытша тоқтайтыны төтенше жағдай мерзімі бойынша коменданттық сағат режимінің жоспарланбағанын атап айтқан Нуман Куртулмуш еркін нарық ережелерінің орындалуында кемшілік болмайтынын да атап айтты.

Бөлшектеуші террор ұйымымен күрестің үздіксіз жалғасқанына назар аударған Куртулмуш «Оңтүстік шығыста террормен күрес ешқандай үзілмейді. Жоспарланған жұмыстар жалғасуда» деді.

Операциялардың артынан қайтадан күн тәртібіне келген орыс ұшағының 24 қараша күні құлатылуымен байланысты сұрақтарға жауап қайтарған Куртулмуш «Бұл оқиғада басқа бүліктер шығуы мүмкін» деді.

Түрік Қарулы Күштеріне қатысты кейбір шаралардың күн тәртіпке келе алатынын атап көрсеткен Куртулмуш «Негізгі мәселе армияны ұлтқа ашу» деді.

Куртулмуш Түрік Қарулы Күштерінің қорында тіркеулі көліктердің жоғалмайтынын дегенмен қашқан қызметкерлер бар екенін білдірді.

Жоғары әскери кеңестің келесі айдағы жиналысының кейінге қалдырылуының жоспарланбағанын атап айтқан үкімет мәлімдемешісі Мәжілістің де жұмыстарын жалғастыратынын мәлімдеді.



Ұқсас жаңалықтар