Президент Стамбұлда үйінің алдында жиналған азаматтарға үн қатты

Президент Ердоған FETÖ террор ұйымы басшысын Түркияға қайтару жөнінде АҚШ әкімшілігіне жасаған талабын қайталады.

531537
Президент Стамбұлда үйінің алдында жиналған азаматтарға үн қатты

Президент Режеп Тайып Ердоған Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісі және президенттік сарайды бомбалаған Фетуллахшы террор ұйымының «отан» деген қайғысы жоқ екенін атап айтты.

Төңкерісші террористтерге қарсы күресте бірігу керектігін атап көрсеткен Ердоған «Елімізді оларға ешқандай бермейміз» деді.

Полиция күштерінің операцияларының көптеген жерде жалғасқанын атап көрсеткен Ердоған АҚШ әкімшілігіне жасаған FETÖ (ФЕТӨ) ұйымы басшысының да қайтарылу талабын қайталады.

Ердоған өзін тыңдаған азаматтардың 15 шілде күні төңкеріс бастамасын дарға асу жазасымен жазалау талабына болса «Бұл тақырыпта тұрақты бір шешім қабылданады. Бұл талабыңызды үкімет ретінде де, мемлекет ретінде де естідік. Сіздің бұл талабыңызды жоққа шығара алмаймыз. Демократияларда халық не десе, сол жасалады. Бұл тақырып ойымша үкіметіміздің оппозициямен ақылдасуымен нақтыланады» деді.

Азаматтардың алаңдарды тастап кетпеуін талап еткен президент көшелерді бос қалдырылмауын сұрады.



Ұқсас жаңалықтар