Ұлтымыздың жеңісі

Ұлттық билікке қарсы жасалған төңкеріс бастамасы ұлттық биліктің батылдығы, тұрақтылығы және сабырымен тойтарылды.

531304
Ұлтымыздың жеңісі

Президент Режеп Тайып Ердоған Түркияның бірлігіне, ынтымақтастығына,  бауырластығына шыдай алмағандардың 15 шілде күні мемлекет билігін қолға түсіру әрекетінің артынан қарулы шабуылға айналғанын атап,  оқиға күні жасалған шақыруға елдің түкпір-түкпірінен азаматтардың қосылып, алаңдарды толтыруымен FETÖ-ның қадамдарының тойтарылғанын еске салды.

Ердоған «Барлық азаматтар алаңдарды толтырып, олардың танк пен зеңбіректері болса,  біздің де иманымыз бар» деп қарсы шықты.  Бұл жас бауырларымыздың танктардың алдына жатып алулары жай нәрсе емес,  бұл бір иман күшінің қасиеті» деді.

Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісі төрағасы Ибрахим Кахраман болса ұлт ретінде халықтың бүтіндескенін атап,  бұл қайғыға жол ашқандардың лайықты жазаларын алатынын білдірді. Кахраман «Бұл бір террор. Төңкеріс бастамасы табысты болмады.  Мемлекет бұл оқиғаның жауаптылары мен ішкі және сыртқы байланыстарын тауып, ортаға шығарады.  Және бұл заңдар аясында жүзеге асырылады» деді.

Премьер-министр және Әділет және даму партиясының төрағасы Бинали Йылдырым болса демократияға ие шыққан халыққа алғыс айтып, "Көздері қан талап, жынданып, долданған. Алайда олар мынаны білмеді: Ұлттық үйіне тиіссең, қолың күйеді. 24 сағат өтпестен қолдары күйді. Ешбір  төңкеріс бастамасы  сол қалпында қалмады. Бұдан кейін де қалмайды. Осыдан кейін ешкімнің ұлттың ерік-жігеріне қол сұғуға батылдығы жетпейтін болады" деді. 



Ұқсас жаңалықтар