Түркияда төңкеріс әрекеті жасалды

Президент Ердоған Стамбұлда баспасөзге мәлімдеме жасады.

530245
Түркияда төңкеріс әрекеті жасалды

Президент Режеп Тайып Ердоған Қарулы күштер құрамындағы Фетө (Феттуллах Гүлен террор ұйымы) жақтаушыларының төңкеріс бастамасының жазасыз қалмайтынын атап айтты.

Мармаристен Стамбұлға өткен Ердоған Ататүрік әуежайында жүз мыңдаған азамат тарапынан қарсы алынды.

Ердоған "Басимейміз. Ұлтымыздың да бас имеуі керек. Сабыр сақтауымыз керек" деді.

Президент "Осылардың қарулы бір террор ұйымы екені ортаға шықты. Бұлар ұлтымыздың қаруларымен ұлтымызды бомбалауда. Мінген танктері олардікі емес, ол танктер оларға аманат берілген. Және олар бұл аманатқа опасыздық жасады" деді.

Жекеменшік бір телеарнаға сұхбат берген Ердоған бұл бастаманың артынан халықты алаңдарға шығып, көтерілісшілерге қарсы  тойтарыс беруге шақырды.

Президент өзінің сондай-ақ басқолбасшы екенін еске салып, бұл бастаманың жазасыз қалмайтынын білдірді.

Ердоған «Мұның жазасы сот алдында ауыр болады» деді.

Премьер-министр Бинали Йылдырым болса бұйрыққа бағынбаған бір топ әскердің көтеріліс бастамасына үкіметтін жол бермейтінін атап айтты.

Президент Режеп Тайып Ердоғанның шақыруымен шеруге шыққан халық демократиясына ие шықты.

Йылдырым «Ұлтымыз ьұны жақсы білсін, демократияға зиян келтіретін ешбір бастамаға рұқсат бермейміз. Азаматтарымыз сайлаған үкімет қызметін жалғастыруда. Үкіметтің биліктен кетуіне тек қана ұлт шешім қабылдай алады. Бұл бастамаға қатысы барлар ең ауыр күйде жазаланады. Халқымыз мұны жақсы түсінсін. Ұлтымыз тыныштық сақтасын» деді.

Көтеріліс жасаған топ мүшелерін қолымен ұстаған азаматтар бұл адамдарды полицияға өткізді.

Заңсыз бір декларацияның қару күшімен оқытылғаны ТРТ болса эфирлерін қайтадан бастады. Халық ТРТ ғимаратын көтерілісшілерден кері қайтарды.

Түркия Ұлы Ұлтытық Мәжілісі төрағасы Исмаил Кахраман депутаттарды кезектен тыс жиналуға шақырды. Республикашыл Халық партиясы төрағасы Кемал Кылычтароғлу мен Ұлтшыл қозғалыс партиясының төрағасы Девлет Бахчелиден «Азаматтарымыздың шешімін құрметтейміз, көтерілісті қабылдамаймыз» деп мәлімдеме жасады.



Ұқсас жаңалықтар